Қазақстандық велошабандоз 2026 жылғы Азиадада қоржынға екінші алтын салды

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко XX жазғы Азия ойындарында жекелей сында алтын медаль иеленді.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы қашықтықты 41:24.05 уақыт ішінде жүріп өтіп, жарыста жеңіске жетті.

Екінші орын жапониялық Сюнсукэ Имамураға (42:58.04) бұйырса, үшінші болып Моңғолия өкілі Жамбальямц Сайнбаяр (42:58.06) мәреге жетті.

Айта кетейік, Алексей Луценко үшін бұл Азия ойындары мансабындағы төртінші жарыс болса, ал иеленген алтыны — құрлықтың басты додасындағы бесінші жүлдесі.

23 қыркүйекте Луценко тағы бір жарысқа, бұл жолы топтық бәйгеге қатысады.

Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Бұл додада Қазақстан намысын 558 спортшы қорғайды.

Жарыс бағдарламасында спорттың 43 түрі мен 71 дисциплина бар, онда 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ойындарға 45 ұлттық олимпиадалық комитеттен (Азия елдері мен аймақтары) 11 мыңнан астам спортшы, сондай-ақ, босқындар командасы (OCA Refugee Team) қатысып жатыр.

tengrinews.kz

Related posts

Жылыой ауданында екі әлеуметтік инфрақұрылым нысаны ашылды

«ЕРКІН СӨЗ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы

Богатая сырная культура Турции очаровывает посетителей

Назия Жоямергенқызы