Асхат Аймағамбетов: Білімсіз психологтар қаптап кетті

Парламент  Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда білімі жоқ психологтар қаптап кеткенін айтты.

Мәжілістің кулуарында ол БАҚ өкілдеріне берген пікірінде психологиялық қызметті жетілдіруге арнайы заң дайындалып жатқанын жеткізді. «Қазір интернет беттерін, әлеуметтік желілерді ашып қарасақ, қаптаған психологтар. Тіпті ешқандай білімі жоқ, ешқандай курстардан да өтпеген азаматтар психологпын деп түрлі кеңестер беріп жатады. Сондықтан оларды мүмкін сертификаттаудан өткізу керек, қандай бақылау жүйесі қажет, қосымша курстар қажет, деген сұрақтарға жауап беруіміз керек», деді депутат.

Оның айтуынша, пандемиядан кейін психологиялық-психикалық ауытқулар күрт нашарлаған. Психологиялық-психикалық ауытқулар күрт өскен. Әлеуметтік желілер мен смартфондардың ықпалы бар деген бірнеше жақсы зерттеулер бар. Әсіресе қыз балаларға үлкен кері әсері бар деген зерттеулер де кездесіп қалады. «Осы туралы әлемдегі топ кітаптардың бірі былтыр шықты. Онда АҚШ-та, Ұлыбританияда психологиялық аурулар қалай күрт өскені туралы ақпараттар бар. Азаматтардың психологиялық денсаулығын қолдау үшін кешенді жұмыс жүргізуіміз керек. Осы мәселе бойынша біз арнайы заң жобасын қарастырып жатырмыз»,  деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Нұрқасым Сымбат Алматы қаласының Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.

Related posts

Питер Фостер: «Компания үшін қиын кезеңде Halyk сенімді серіктес болды»

ttjk

Президент Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің кездесуіне қатысты

editor

В Астане состоится IX Съезд онкологов и радиологов Казахстана

Назия Жоямергенқызы