Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жоспарлануда

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Дания Корольдігінің Ресей Федерациясындағы, Қазақстан Республикасындағы және Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін (қоса атқарушы) Йеспер Вармен кездесу өткізді.

Кездесу кезінде тараптар Алматы облысында алкогольсіз сусын өндіретін зауыт құрылысы бойынша инвестициялық жобаны қарастырды.

Қазақстанда жылына 340 млн литр өнім шығаратын, жалпы инвестициясы $250 млн-нан асатын және 500 адамды жұмыспен қамтитын жаңа зауыт салу жоспарлануда. Жоба Carlsberg Group пен PepsiCo компанияларының бірлескен бастамасы.

Данияның Қазақстандағы елшісі Й. Вар бұл заманауи өндіріс кешені ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнын арттырып, байланысты салалардың дамуына серпін беретінін, отандық өндірушілерге тұрақты өткізу арнасы мен экспорт әлеуетін күшейту мүмкіндігін ұсынатынын атап өтті.

Related posts

Түркия шаңғымен сырғанауға шақырады

ttjk

2025 жылы заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған 121 адам жауапкершілікке тартылды

ШЫҰ қызметінің аса маңызды бағытының бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту

Назия Жоямергенқызы