Журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

Танымал журналист Диас Ахметшәріп 48 жасында қайтыс болды.

2025 жылдың 8 мамырында марқұм миына қан құйылып, комаға түскен болатын.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері журналистің жағдайы ауыр екенін,  жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан.

Диас Ахметшәріп журналистік қызметін 1997 жылы Қазақ радиосында тілші ретінде бастаған. «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт комментаторы болды.

Мемлекеттік «Қазспорт» телеарнасының алғашқы директоры, «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.

2003 жылдан 2007 жылға дейін ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Related posts

«Шеврон» компаниясы Astana Finance Days барысында Тікелей инвестициялар қорын таныстырды

ttjk

Жанарынан айырылған балаларға арналған жалғыз орталық жабылуы мүмкін

editor

Қазақстандағы ең ауқымды мәселе қандай?

Назия Жоямергенқызы