Головкин мен Әлімханұлы әлемдік үздіктер қатарына енді

Қазақстандық спортшылар – Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы барлық салмақ бойынша, әлемнің ең үздік 50 боксшының қатарына енді. Бұл туралы Worldboxingnews.net басылымына сілтеме жасап, Sports.kz сайты хабарлады.

Тізімге сәйкес, бірінші орында украиналық былғары қолғап шебері Александр Усик, екінші орында жапондық Наоя Иноуэ, үшінші орында Сауль Альварес тұр.

Ал қазақстандық Геннади Головкин 27-орынға шықса, Жәнібек Әлімханұлы 48-орынды иемденген.

Сурет: sports.kz

Related posts

В Атырау открылся Fab Lab

Қазақстан Қытайдың жеңіл рельсті пойыздарына тапсырыс берген

editor

Witness the Fantastic Journey of Caretta carettas in Türkiye  

ttjk