Абзал Серікқалиұлы: Қиындықты бірге еңсереміз

Бүгінгі сұхбатымыз Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданы Казталов мектеп-лицейінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абзал Серікқалиұлымен болмақ, бүгінгі талқылайтын тақырыбымыз оқушылар мен студенттерді қашықтықтан оқыту мәселесі. Елімізде қашықтықтан оқыту мәселесі қалай жүріп жатырғандығына жалпы шолу жасап, қиыншылықтары мен тиімді тұстарына тоқталатын боламыз.
– Абзал Серікқалиұлы, қазір елімізде «COVID-19» вирусы таралуы себебінен карантин жарияланып, қашықтықтан оқыту басталды. Бұл процесс жалпы ұстаздар мен оқушылар арасында қалай жүріп жатыр?
– Иа, 6 сәуірден бастап елімізде қашықтықтан білім беру жүйесі қолға алынды. Әрине, алғашқы күндері оңайға түспегені рас. Себебі, оқушы көз алдыңда отырмаған соң сабақты толық түсіндіріп, жеткізе білу де оңай емес.
– Теледидардан қосымша сабақ беріліп жатыр. Соған қоса сіздер қандай бағдарламаларды қолданып жатырсыздар?
– Теледидардан және «Classroom»,«Whats app» сияқты телефондағы бағдарламалары арқылы жүзеге асырып жатырмыз. Оқушыдан талап етілетіні кері байланыс. Яғни, сабақтың тақырыбын түсінгеннен кейін, тапсырмаларды орындау.Бірақ қазіргі жағдайға байланысты тапсырмаларда жеңілдей түсті.Сондай-ақ оқушылар «Балапан»,»Ұлттық арнадан»да тапсырмаларды ала алады.
– Жақсы. Тапсырманы орындауға бекітілген белгілі уақыт бар ма немесе кез келген уақытта орындап жібере алады ма?
– Белгілі уақыт жоқ. Бірақ кешкі 8- ге дейінгі уақытта мұғалім тапсырманы түсіндіріп, оқушы кері байланыс жасап үлгеруі керек.
– Қашықтықтан оқытуға байланысты ұстаздарға немесе оқушыларға қандай қиыншылықтар орын алуда.
– Әрине, көз алдыңда отырып түсіндірмеген соң, кейбір мәліметтерді толықтай жеткізе алмай қаласың. Бірақ тырысып жатырмыз. Айтарлықтай қиыншылық жоқ деп ойлаймын. Көбінесе жаратылыстану бағытына ауыртпалық түседі. Себебі, есептің шығарылу барысын нақты түсіндіру оңайға соқпайды. Ал гуманитарлық пәндерде жазбаша жұмыстар, мәтінмен жұмыс негізінде тапсырмалар орындалуда.
– Қорытынды емтихандар туралы не айтасыз?
– Жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқитын сыныптарда БЖБ және ТЖБ-лар тоқсан соңында алынатын болады. БЖБ саны да қысқартылды.
– Ал, 9,11 сыныптардың мемлекеттік қорытынды аттестациялаулары өткізілмейтін болды. Тоқсандық бағалар негізінде аттестатқа бағалар түсетін болады.
– Жақсы, бүгінгі берген сұхбатыңызға үлкен рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыз!
– Иә, әрине. Әрдайым сауалдарыңызға жауап беруге дайынмын. Сау болыңыз!
Саленова Инабат,
Казталов мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

Related posts

ЮНЕСКО кафедрасы III PR Қысқы мектебін өткізеді

ttjk

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ-2020

ttjk

«Неделя международной журналистики» в КазНУ

ttjk