ЖАС ТҮЛЕК-2020: СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы «Соңғы қоңырауға» қатысты сұраққа жауап берді.

Биыл 16 наурыздан бастап төтенше жағдайға байланысты карантин жарияланды және осы карантинге қатысты мектеп оқушылары көктемгі демалысқа ерте шықты. Қазір IV тоқсанда оқушылар «Ел арна» мен «Балапан» телеарналары арқылы, мұғалімдердің нұсқаулығымен онлайн білім алуда. Жалпы дүниежүзілік UNESCO-ның санағы бойынша 1 миллиард  400 миллионға жуық оқушы мектепке бара алмай отыр. Осы себепті Қазақстандық мектеп оқушыларын соңғы қоңырау туралы сұрақтар мазалауда. Сәуірдің 29-ы күні Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы оқушылардың Соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кеші жайлы: «Егер еліміздегі төтенше жағдай жақсарып жатса, маусымның ортасында болатын мектеп бітіру кешімен бірге Соңғы қоңырауды да өткізуіміз мүмкін»-деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Асхат Қанатұлы оқушыларды үміт үзбеуге және жақсы жаңалық күтуге шақырды.
Үсен Асылтас Ерланқызы.

Related posts

Победители FameLab Kazakhstan

ttjk

Әл-Фараби универитетінде халықаралық III Қысқы PR мектебі өтті

ttjk

«Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» конференциясы

ttjk