АҚПАРАТ МИНИСТРІ АРАША ТҮСТІ

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Астанадағы Жерге қатысты шеруде жұмыс барысында жүрген БАҚ өкілдерінің ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады. Ұсталғандар арасында «Власть», «Ратель», «Интерфакс Қазақстан» т.б. редакцияларда қызмет ететін әріптестер бар.

Бүгін ҚР «Жер туралы кодексі» заң жобасына орай, Қазақстан Президентінің нұсқауымен арнайы құрылған Комиссияның екінші отырысы өтіп жатқан еді. Осы жиналыс барысында журналистердің полицияға ұсталғаны туралы құлақтанған Дәурен Абаев араша түсті. «Жер комиссиясының жиылысында отырып, әріптестеріңіздің ұсталғаны жайлы естідім де, ішкі істер министрін хабарластым. Қазір жағдай тексерілуде, олардың не үшін ұсталғанын анықтаймыз. Сонымен қатар ол (Ішкі істер министрі – Н.Ж.) жағдайға қарай, барынша тез арада босататын айтты. Бұған қатысты қиындық туындаған жоқ», – деген ақпарат министрі кәсіби қызметін атқарып жүрген журналистерді барынша қолдайтынын жеткізді.

Журналистер тарапынан қойылған «Болашақта қиындық туындамас үшін құқық қорғау органдарымен бірге жұмыс жасайсыздар ма?» деген сұраққа Дәурен Абаев: «Әлбетте, жасаймыз. Бәлкім, біздің министрлік сол үшін құрылған шығар», – деп жауап берді.

Оқырмандарымыздың естеріне сала кетсек, бүгін Алматыда да кәсіби қызметін өтеп жүрген бір топ журналисті полицейлер ұстап әкеткен. Олардың арасында Тоқтарәлі Таңжарық, Емұрат Бапи, Гүлжан Ерғалиева, Тоқтар Есіргепов т.б. бар.

Нәзия Жоямергенқызы,

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

 

Related posts

ФОРУМ «ИНКЛЮЗИВНЫЙ КАЗАХСТАН»

Назия Жоямергенқызы

Су тасқыны кезеңіндегі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы

ttjk

MADE IN KAZAKHSTAN

ttjk