«Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» конференциясы

2021 жылғы 15 қаңтарда «Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» онлайн-конференциясы өтеді, онда қазақстандық және халықаралық сарапшылар білімберу жүйесінің ағымдағы жай-күйін, проблемаларды жәнешешу мүмкіндіктерін, атап айтқанда, STEAM-әдістемелерінәзірлеу мен оқу процесіне енгізуді талқылайды. Іс-шараныұйымдастырушы — «Шеврон» компаниясының қолдауымен»Caravan of Knowledge».

«Caravan of Knowledge» басшысы Зарина Биюмбаева атапөткендей, алдағы конференция білім беру саласындағышенеуніктерге білім беру саясатын жоспарлауда, мектепдиректорларына, әкімшіліктер мен мұғалімдерге — ағымдағы білім беру трендтеріне және тиімді менеджменткебейімделуде, бизнес, өндіріс және ғылым өкілдеріне — болашақ кадрларды даярлауда пайдалы болатынстратегиялық менеджмент құралы болып табылады. «Тәуелсіздік жылдары алғаш рет STEAM-білім берусаласындағы стейкхолдерлермен стратегиялық сессия жәнефасилитация осындай ашық және ауқымды форматта өтеді — деп нақтылады Биюмбаева. «Біз осы экожүйеде әркімнің пікірін естіп, ескергіміз келеді»

STEAM әдістемелері мектептерде белгілі бір пәндерді — ғылым, технология, инженерия, өнер және математиканы(Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) жүргізуді ғана емес, сондай-ақ оқытуға пәнаралық тәсілді, сондай-ақ ақпаратты іздеу және өңдеу дағдыларын, сынитұрғыдан және креативті ойлау мен таныстыру дағдыларындамыту үшін ғылыми жобалар арқылы оқушылардыоқытуды — еңбек нарығында қазірдің өзінде қажетті XXIғасыр дағдыларын қамтиды.

Конференцияда спикерлер мен қатысушылар ҚазақстандағыSTEAM-білім берудің ағымдағы жағдайын — оқу меноқытудағы қазіргі трендтерді, мемлекеттік білім берусаясатын, қосымша, инклюзивті және ауылда білім берудіталқылайды. Сондай-ақ, бизнес және өндірістік секторсалаларында STEAM дамыту және қолдану мысалдарықарастырылады. Сонымен қатар, АҚШ, Финляндия, Италияжәне Таиланд сарапшылары STEAM-ның нақтыжағдайларда өз елдерінде қалай дамып жатқанын айтыпбереді.

Ісшараның толық бағдарламасы және тіркелуhttps://caravanofknowledge.com/edustem

Related posts

Түркияда 2024 жылдың алғашқы жартысында туризм кірісі жоғары көрсеткішке жетті

Назия Жоямергенқызы

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ БАЛАЛАРҒА БІР РЕТТІК ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

ttjk

СТАМБҰЛДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МУЗЕЙ

Назия Жоямергенқызы