АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: ОБЫРДАН САҚТАНЫҢЫЗ

Медицина саласы әлемде күн санап қарқынды дамып келеді. Кез келген ауруды бастапқы кезеңінде анықтаса, оны толығымен емдеп шығуға мүмкіндік бар. Соның ішінде онкологиялық ауруларды бірінші сатысында анықтау өте маңызды. Қатерлі дерттің алдын алу мақсатында Қазақстанда 2008 жылы арнайы ұлттық бағдарлама қабылданған болатын. Бағдарламаға сай тұрғындар жыл сайын тегін скрингтен өтіп тұрады. Негізі Қазақстан – ТМД елдері ішінде тегін скринингтен өткізетін жалғыз мемлекет.


Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың директоры
Олжаев Саяхат Таурбекұлының айтуынша, әйелдер арасында жатыр мойны обыры жиі кездестін ауру түріне айналды. Елімізде жыл сайын осы аурудан 600-ге жуық әйел қайтыс болады екен. Жатыр мойны обыры әйелдер арасында кездесетін онкологиялық аурулар бойынша сүт безінің  қатерлі дертінен кейін екінші орында тұр.

Қабылданған ұлттық бағдарламаға сай онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындарды тегін скринигтен өткізу қарастырылған. Бүгінгі күні онкологиялық аурулардың ішінде жатыр мойны обырына көбіне жасы 40 пен 50 арасындағы әйелдер жиі шалдығады. Деректерге сүйенсек, жыл сайын елімізде  1700-ге жуық әйелден қатерлі дерт анықталады. Алайда қатерлі дертке шалдыққан адам оны үкім деп қабылдауға болмайды. Біз пациенттерге үздіксіз ем жүргізумен қатар психологиялық көмек те көрсетеміз. Сонда қолданған ем нәтижесін береді”, – дейді клиниканың бас дәрігері.

 2020 жылдың 23 қаңтарында ҚР барлық онкологиялық ұйымдарында жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ашық есік күні өтеді. Ашық есік күні әйелдер онкогинекологтың тексеруінен өтіп, тегін кеңес алады.

Алматы облысының оңтүстік өңірі бойынша 2020 жылы 1481 адамнан қатерлі дерт анықталып, Алматы аймақтық көпсалалы клиникада жалпы 9244 адам тіркеуде тұр.

16 қаңтар күні Алматы қаласы мен Алматы облысының БАҚ өкілдері Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, Алматы аймақтық көпсалалы клиникада Ашық есік күніне қатысып, дәрігер-мамандардың қабылдауында болды.

Related posts

Бұрын-соңды журналистердің табаны тиіп көрмеген биіктік!

ttjk

9-шы қыркүйекті «Тоғызқұмалақ күні» деп белгілеуді сұраймын – Әлихан Байменов

ttjk

Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО

Назия Жоямергенқызы