Дональд Трамп “әлемдегі ең белсенді лаңкестің“ көзі жойылғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп «әлемдегі ең белсенді террористің» көзі жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Трамптың айтуынша, сөз ДАИШ командирлерінің бірі туралы болып отыр. Оны жою операциясы Нигерияда жүргізілді.

Анықтама: Ислам мемлекеті (ДАИШ) — Ирак пен Сирияда пайда болған халықаралық террористік ұйым. ДАИШ әлемдегі ең қауіпті экстремистік топтардың бірі деп танылған және Таяу Шығыстағы көптеген терактіге, жаппай кісі өлтірулерге және аумақтарды басып алуға жауапты. Қазақстанда ДАИШ-қа ресми түрде тыйым салынған және террористік ұйым деп танылған. Оның насихатымен, қаржыландыруымен немесе қолдауымен байланысты кез келген қызмет заңмен қудаланады.

 

«Бүгін түнде менің бұйрығыммен айбынды америкалық күштер мен Нигерия Қарулы Күштері әлемдегі ең белсенді лаңкестің көзін жою бойынша мұқият жоспарланған және өте күрделі операцияны мінсіз жүргізді. ДАИШ-тың жаһандық иерархиясындағы екінші тұлға — Абу-Билал әл-Минуки Африкада жасырына аламын деп ойлады, бірақ оның әрекеттерінен бізді хабардар етіп отырған дереккөздеріміз бар екенін ол білген жоқ. Ол бұдан былай Африка халықтарын үрейлендіре алмайды немесе америкалықтарға қарсы операцияларды жоспарлауға көмектесе алмайды. Оның көзі жойылуымен ДАИШ-тың жаһандық қызметі айтарлықтай әлсіреді. Осы операциядағы серіктестігі үшін Нигерия үкіметіне алғыс айтамын», — деп жазды АҚШ президенті.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда АҚШ Сирияда әскери операция бастап, оның аясында ДАИШ позицияларына соққы берген болатын. «Қаршыға соққысы» деп аталған операция Пальмирадағы америкалық әскерилерге жасалған шабуылға жауап болды.

Сол айда Трамп мәлімдегендей, америкалық әскерилер Нигерияның солтүстік-батысында ДАИШ террористеріне «жойқын соққы» берді.

Tengrinews.kz

 

Related posts

Төрт жастағы балаға төрт жарым сағат ота жасалды

editor

Стамбул вошел в число «50 лучших мест для путешествий в 2024 году»

Подростки являются представителями деструктивных организации

Назия Жоямергенқызы