Алматыда талаптың қатаңдатылуына байланысты 100-ден аса көлік жуу орны судан ажыратылды

Алматыда суды тиімді пайдалану мақсатында көлік жуу орындарына қойылатын талап күшейтілді. Талапты орындай алмайтын сервистер сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылады. Бұл туралы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай айтты.

Алматыдағы көлік жуу орындарында суды қайта пайдалану жүйелері енгізіліп жатыр. Қазірдің өзінде мұндай жүйелер 162 нысанда орнатылған.

Сондай-ақ қаладағы барлық көлік жуу орны деректерді қашықтан жіберу мүмкіндігі бар су есептегіштердің жаңа түріне көшті.

«Бүгінде желілерді жаңғыртып қана қоймай, суды пайдалануға деген жауапты көзқарасты қалыптастыру маңызды. Көлік жуу орындарында суды қайта пайдалану ресурстарды тұтыну мен қалалық жүйеге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғаса береді», — деп атап өтті Нұрбақыт Серікбай.

Бұл ретте белгіленген талаптарға сәйкес келмегені үшін 146 көлік жуу орны судан ажыратылған.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда табиғи ресурстарды тиімлі пайдалануды көздейтін жаңа Су кодексі күшіне енеді. Негізгі бағыттардың бірі суды көп мөлшерде тұтынатын нысандармен жұмыс жүргізіледі.

Тізімге көлік жуу орындары да кірді. Жаңа талаптарға сәйкес, олар біртіндеп айналмалы сумен жабдықтау жүйесіне көшуі тиіс.

Tengrinews.kz

Related posts

Phu Quoc, Mui Ne Among Asia’s Most Idyllic Beaches

ttjk

Пәтер бағасы 15 пайызға қымбаттайды

editor

Тәжікстанмен арадағы одақтастық қатынастар: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Назия Жоямергенқызы