21 АДАМ ШАРДАН ҚҰЛАҒАН

Прайя Грандеде (Бразилия) әуеде ұшатын шар жарылған. Шардағы 21 адамның 8-і қайтыс болды: 4 адам — шарда, 4 адам биіктен құлағанда ажал құшқан. Санта-Катарина штатының губернаторы Жоржиньо Меллоның айтуынша, ұшқышпен бірге 13 адам аман қалған, із-түзсіз кеткендер жоқ.

Прая-Гранде полиция офицері Тиаго Луис Лемостың хабарлауынша, корзинаның ішінде өрт басталған. Ұшқыш шарды бірден төмен түсіре бастаған және жерге жақындатып, адамдарға секіріңдер деген. Үлгермей қалғандар қайтыс болған.

Related posts

Б.БАЙБЕК: ПОЛИЦЕЙЛЕР БАТЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Назия Жоямергенқызы

ТАТУЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК КҮНІ

ttjk

Қазақстанда тұңғыш рет мобильдік қосымшаға арналған онлайн курс іске қосылды

editor