ЕЛШІ МАЖАРСТАНДА СУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Будапешт, 2025 жылғы 3 маусым — Будапешттегі “Pureco Ltd.” компаниясының орталық кеңсесінде Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлының сумен жабдықтау, ағынды суларды тазарту және нөсер суларды басқару саласындағы орнықты шешімдерге маманданған компания басшылығымен кездесуі өтті.
Келіссөз барысында тараптар Қазақстанда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту шеңберіндегі ықтимал ынтымақтастықты, оның ішінде шалғай және ауылдық өңірлерде заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. Әсіресе, өндірісті жергіліктендіру, техникалық әріптестік орнату, сондай-ақ компанияның Қазақстан Республикасындағы экологиялық бағыттағы жобаларға қатысу мүмкіндіктері ерекше назарда болды.

 

Related posts

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі кеңеюі мүмкін

Назия Жоямергенқызы

«Түркия әуендері» әуеленген әсем әнімен тербетті

editor

«Абай облысы – лудоманиясыз аймақ» атты облыстық форум өтті