Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент құттықтау жеделхатында Ашхабадтың мемлекеттілікті нығайтудағы жарқын жетістіктеріне тоқталып, шетелдік серіктестермен қарым-қатынаста сындарлы ұстанымға жүгінетін бейтарап Түрікменстанның халықаралық аренада зор беделге ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстанмен арадағы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік қатынас және өзара қолдау дәстүрінен айнымай, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілді екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

Related posts

Энергетика министрлігі сарапшының автобустардағы жолақы құны туралы пікіріне жауап берді

Назия Жоямергенқызы

Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина мәселесін шешуге арналған бастамасын қолдады

Назия Жоямергенқызы

Министр колледждердегі білім сапасы төмен екенін айтты

editor