Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көреді. Сондай-ақ бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысады.

Аймақтағы сапарын Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден бастады. Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.

Related posts

«Природа в городе: будущее и надежды»

ttjk

Лучшие из Эгейского и Средиземного морей встречаются в Бодруме

ttjk

COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТІК БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ttjk