Бас прокуратура үндеу жасады

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев барша азаматтарға үндеу жасады. Оның үндеуі ведомство сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, (2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлық) 2024 жылғы 6 қазанда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының салуға келісесіз бе?» деген сауалға республикалық референдум өтеді. Оны әзірлеу мен өткізу тәртібі «Республикалық референдум туралы» және референдум туралы заңнамаға қайшы келмейтін бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңдарымен реттеледі.

Атап айтқанда, республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс («Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 7-1-бабы)».

Қоғамдық пікірге сауал салуды ел заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы.

Related posts

Тазалық акциясы тәлімге бастайды

ttjk

ОРМАНДАҒЫ ӨРТ ТУРАЛЫ

ttjk

Ең көне мешіт

ttjk