Ұялы оператор қатарлық компанияның иелігіне өтуі мүмкін

Елдегі ірі ұялы операторлардың бірі қатарлық компанияның иелігіне өтуі мүмкін.

Шетелдік инвесторлар салаға қаржы құйып, Қазақстандағы телекоммуникация инфрақұрылымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ қаржы құрылымындағы банктердің бірі де сатылымға шығарылады. Бұл жобалар екі ел арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында жүзеге асады. Тиісті заң жобасы Мәжіліс депутаттарының назарына ұсынылып отыр.

Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саировтың айтуынша, бүгінде қатарлық инвестор еліміздегі ұялы операторлардың бірі «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясын сатып алуға дайын. Жобаны іске асыру қаржы жүйесіне жаңа капитал тартады.

Қазақстан мен Қатар үкіметтерінің келісімдері аясында 9 бірлескен инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Бұл еліміздегі телекоммуникация, энергетика, газ өндіру және тасымалдау, қаржы салаларын қамтитын болады.

Related posts

Тарихтағы тұңғыш қазақ: 17 жастағы Дастан Сәтпаев Копенгагендегі ойында жаңа межені бағындырды

Назия Жоямергенқызы

«QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының үшінші кезеңі басталды

ttjk

«Жасыл әлем»- ел болашағының қарқынды кепілі

ttjk