Жылыну үшін көлік ұрлады

Көкшетауда полицейлер автокөлік ұрлығын ашты.

Көкшетауда ұрлық дерегі ізін суытпай ашылды. 19 қазанда түнгі сағат 23:00-ден таңғы 02:00 аралығында көпқабатты үйдің жанында тұрған Mercedes-Benz 180 автокөлігі ұрланып кеткені туралы полицияға жергілікті тұрғын хабарлаған.

«Көлік иесі көліктің кілтін оталдыру қосқышында қалдырғанын да мәлімдеген. Өтініш түскен сәттен бастап қалалық полиция қызметкерлері жедел әрекетке көшіп, соталды тергеу жұмыстарын бастап кетті. Сол күні криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрланған автокөлікті тауып, оны айдап әкеткен облыс орталығының 40 жастағы тұрғынының қатысы бар екенін анықтады»,  делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдікті уақытша бейімделу орталығынан шығып, суыққа тоңып қалғандықтан, көліктің есігі ашық тұрғанын көріп, ішіне отырып кеткенін мойындады. Сондай-ақ хабарламада «Жағдайды пайдаланып, кілті ішінде тұрған көлікті айдап кеткен. Қазір көлік иесіне қайтарылып, оқиға толықтай тергеліп жатыр» делінген.

Related posts

«Қарызсыз қоғам»: 6 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылық сабағынан өтті

ttjk

ТҮРКІ ӘЛЕМІ КИНО САММИТІ-2022

ttjk

Абиба Әбужақыноваға жаңа атақ берілді

editor