Сапаровтың солтүстіктегі бизнесі жайлы не белгілі?

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров СҚО-да туыстарының жер телімі бар екені, мемлекет тарапынан субсидияланғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген. Ведомство басшысы өз сөзінде бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ.

«Ол кісілерде осы жер телімдері болғанмен, бәрін заңды түрде алып жатыр. Талай тексерістен өткен. Тексерістің нәтижесі бар. Ол жаққа көңіл бөлетін менің ешқандай уақытым жоқ. Олар өздері жұмыс істеп жатыр. Ол да ауыл, бір машинасы бар. Ешқандай шағым түскен жоқ», деп жауап берді министр.

БАҚ өкілдері тарапынан осы мәселе бойынша ақпарат беттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қозғалғаны туралы мәлімет тарағаны туралы сауал қойылды. Бұған министр «Ешқандай іс қозғалған жоқ», деп қысқа қайырған. Ал осыған дейін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов журналистердің сұрағына жауап бере отырып, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың інісі Алтынбек Сапаровтың өңірде бизнесі барын жеткізген еді.

Related posts

ТАРАЗДАҒЫ СЕМИНАР: «HALYK-ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»

Назия Жоямергенқызы

Стамбұлдың Анадолы бөлігі: салқын әрі тыныш

ttjk

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды

Назия Жоямергенқызы