Мешіттер мекені

Афионды апиынымен қоса артта қалдырып, Бейшеһерге жеттік. Бейшеһер — Коньяға жақын орналасқан қала. 70 мың тұрғыны бар. Мұндағы көне мешіт Эшфорфоглудың тарихы ХІІІ ғасырдан тамыр тартады. Ерекшелігі көп. 48 бөрене көтеріп тұрған мешіт балқарағайдан өрілген. Ағаш түзу болып, өз қасиетін ұзақ сақтауы үшін алты ай суда ұсталып, содан кейін ғана құрылысқа пайдаланылған екен. Биіктігі 7,5 метр. Әрқайсысының диаметрі 40 см шамасында.

Мешіттің дәл ортасына қарға арналып терең ор қазылған. Оған қыс бойы жақын жердің қарын жинап, мешітті салқындатуға пайдаланып, тоңазытқыш ретінде қолданған.
Бейшехирдегі көлдің де маңызы зор. Ені 20 шақырым, ұзындығы 45 шақырымға созылып жатқан көл балыққа бай.
Айнұр Сембаева.

Related posts

Абай облысында отандық қой шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық семинар-кеңес өтті

Алакөл жағалауы – жайлы демалыстың жаңа деңгейі

Назия Жоямергенқызы

«ӘЛЕУМЕТ — ҚОҒАМ АЙНАСЫ» БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ

Назия Жоямергенқызы