«Жасыл әлем»- ел болашағының қарқынды кепілі

Балалармен гүлдер.

Бүкіл дүниежүзілік көрмені өткізу, яғни ЭКСПО-2017-ні Қазақ елі жеңіп алып еліміз зор қуанышқа бөленді. Туристік ұтымдылығы өз алдында, Қазақстанның әлем алдында танытуына зор мүмкіндік туған еді. Екі жыл қалған көрмеге Астана қаласы қарқынды дайындалуда. Мақаламыздың басында ЭКСПО туралы аздаған сөз қозғасақ, биылғы жылы 164 жылға жуықтаған дүниежүзілік көрме өткізу 1851 жылы Лондон қаласында бастау алған. Негізігі мақсат әлемнің бірлесе отырып жаңа ғылыми техикалық жетістіктері дамуы кепілдіктерін,  жиналып өз тауарларының әлемдік нарыққа шығуына, сапасын сараптап ұлттық өнеркәсіппен мәдениеттің дамуына жағдай жасалады, сондай ақ әлем алдында таңдай қақтыратын экспонаттардың таныстырылымы мен қатысушы елдердің дәстүрлерімен тарихи шеруі де қалыс қалмайды. Тарихты терең зерделеп қарасақ ЭКСПО өткізу әр жылдары дүние жүзілік маңызы бар қоғамдық мәселелерді қамти отырып шыққан. Мәселен 1851-1900 жылдары «Әлем қозғалыста», алғашқы механизммен өнертабыстардың еңбегі жарқырап көрінсе, 1900-1939жылдары «Дағдарыстан болашаққа»  деген атаумен шықты. Азамат соғысы, екінші дүниежүзілік соғыс халықты титықтатып бітірген болатын.  1958-1970 жылы «Бейбіт және сезіну», жер тұрғындары алғаш рет ғарыш кеңістігіне қол соза бастаған болатын. 1974-1998 жылдары «Жаңа технологиялар дәуірі»-, деп аталды. Аты айтып тұрғандай қол еңбегі мүлде азайып, интернет дәуірі басталды.  2000-2010 «Ертеңгі күн тамаша болуы тиіс» атталған, жаппай лаңкестік, қару-жарақтың қауіпті түрлері шығуы, климаттық өзгерістер адамдарға болашаққа үреймен қарауға көшкен болатын. Осы мақсатта бүкіл әлемді бейбітшілікке үндеген келісімдер, әлем елдерінің бірігіп татулықта болуының жаңа жолдары қарастырыла бастады. Еліміз 1997 жылдан бастап халықаралық көрмелер бюросына мүше елдер қатарына енді…   ЭКСПОның соңғы жылдардағы өткізілу мәресі  әлемдік маңызын жоғалтқан емес. Мәселен 2008 жылы аталмыш көрме Испаниядағы Сарагосада «су және тұрақты даму» деген атаумен бүкіл әлемді су мәселесіне бас назар аударуға үндеді. Су тазартуға арналған соңғы жаңалықтар, суды үнемдеудегі технологияларда таныстырылып әлем назарын аударды.  2010жылғы Шанхайда өткен көрме тақырыбы «Жақсы қала жақсы өмір»-,деп аталды, мақсаты қала салу, және дамыту саласындағы тәржибие алмасу алаңы ретінде ойластырылған болатын. 2012 жыл  Оңтүстік Корея Есу қаласында «Жанды мұхит және жағалау» деген атпен мұхитпен жағалаулардың тиімді пайдаланудағы танымын кеңейтті. 2015 жылы Италиядағы Милан қаласында өткен көрме «Болашақ энергиясы» атауымен шықты, баламалы энергетикадағы жаңа зертелімдердер таныстырылды.

Алдағы ЭКСПО.  Балалар мен гүлдер. 2016 жылғы ЭКСПО өткізу Түркия елінің Анаталия қаласына бұйырды.  «Балалармен гүлдер» атаған көрменің басты мақсаты аты айтып тұрғандай жасыл әлемге үндеу.  Әлемдегі қоршаған ортаның ластанып, планетаның құрдымға кетіп бара жатқандығы жасырын емес, Анаталиядағы көрмеде осы мәселелерге бас назар аударлу көзделіп отыр.   2016 жылғы көрмеге барша Қазақстандықтарды шақырған түрік елбасысы Ердоған қазақпен түріктің қашанда бауырлас ел екендігін қайталап айтудан жалыққан емес. 23- сәуірмен 30-қазан аралығында өтетін көрмеде әлем елдері  жасыл экономикаға қатысты, әлемді жасылдандыруға маңызды қадамдарға жол ашпақ. Сонымен қатар Анталия қаласындағы 114 метрге жуықтайтын ландшафттың ашылу салтанатын  тамашалап, тарихи сәттке куәгер болып қайтпақ. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда ландшафттың көркемдігімен жәдігерлігі осы ЭКСПО нәтижесімен дүниеге келген Париж қаласындағы Эйфел мұнарасы, Брюселдегі-Атомиум, Лондондағы-Кристал Палес, Лиссабендегі Васко да Гама көпірінен кем түспейді деседі. Қазірдің өзінде 8 милионға жуық туристерді қабылдауға дайын Анталия қаласы Түрік елінің туристер көп баратын елді мекендерінің бірі. Қазірде қалада қызу дайындық, теңіз жағасындағы әсем қала туристердің есінде мәңгі қалатындай қызу тіршілікке кірісіп те кеткен. Көктемде басталар ЭКСПОны тамашалауға еліміздің көптеген туристері қазірдің өзінде қызығушылық танытып отыр.

Аида Кожмамбетова

Related posts

En kapsamlı anketten çıkan çarpıcı sonuçlar

Назия Жоямергенқызы

Көңілден шығатын әрі тіл үйіретін: Измир көшелерінің дәмді тағамдары

ttjk

«Қаладағы табиғат: болашақ пен үміт»

ttjk