Жаңа жылда отандық зымыран тасығыш ұшырылады

Қазақстан келесі жылы ғарышқа отандық зымыран тасығышты ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

«Зымыран тасығыштың материалдары мен компоненттерін әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қатты зымыран отынының прототипі жасалды. Метеорологиялық зымыранды ұшыру 2025 жылы және аса жеңіл зымыранды сынау 2030 жылға жоспарланған», деді кеше Жаслан Мәдиев Сенаттың пленарлық отырысында.

Сонымен қатар 2029 жылға қарай спутниктік байланыс және ТВ-хабар тарату желілерінің үздіксіз сервисін қамтамасыз ету үшін KazSat-3 байланыс спутнигін ауыстыру жоспарланған. Жобалау алдындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, спутникті құруға келісімшартқа қол қою келесі жылға жоспарланып отыр.

«2027 жылы ұшыру жоспарланып отырған үш орташа ажыратымдылықтағы спутникті құруға келісімшартқа қол қойылды. Сондай-ақ, Моңғолиямен спутник өндіруге экспортқа келісімшартқа қол қойылды», деп толықтырды министр.

Related posts

Мерекелік дастарханнан салмақ жинамаудың амалдары немесе жаңа жылдық тамақтануға қатысты ТОП 10 «лайф-хак»

ttjk

IITU ROBONCON GAMES ЧЕМПИОНАТЫ

ttjk

Қазақстан-Қытай сауда көлемі 33 млрд долларды құрады

editor