«Заң және тәртіп баланың көзімен»: елордада оқушылар арасындағы сурет байқауының жеңімпаздары анықталды

Астана қаласында прокуратура мен әкімдік бірлесіп ұйымдастырған «Заң және тәртіп баланың көзімен» атты қалалық сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Байқауға елордалық мектептердің 5-7-сынып оқушылары қатысты.
Байқаудың мақсаты – балаларға заңды сақтау мен тәртіптің маңызын шығармашылық арқылы түсіндіру.

Қазылар алқасының құрамына Астананың ЮНЕСКО-ға қарасты Балалар көркемсурет мектебі-клубының ұстаздары мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Олар жұмыстарды көркемдік деңгейі мен тақырыпты ашу шеберлігі бойынша бағалады.

Нәтижесінде 22 үздік жұмыс таңдалып, авторларына дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта үздік жұмыстардың көрмесін қаланың қоғамдық орындарында ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

#законипорядок #заңжәнетәртіп

Related posts

СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫНДА 1011 АЗАМАТ АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРЕДІ

Назия Жоямергенқызы

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Тарихты, мәдениетті және табиғатты біріктіру: Эгей теңізінің дәмі

ttjk