Түркиядағы босқындар еліне қайтып жатыр

Сирияны 24 жыл басқарған Башар Асад билігі құлаған соң Түркиядағы сириялық босқындар елдеріне жаппай қайтып жатыр. Осыған байланысты екі ел арасындағы шекара бекеттерінде адамдар мен көліктердің ұзын-сонар кезегі пайда болған. Халықтың кедергісіз шекарадан өтуі үшін Түркияның шығысында 10 жылдан аса жабық тұрған бірнеше бақылау бекеті қайта ашылып, бұған қосымша жылжымалы бекеттер де қойылды.
Түркия Ішкі істер министрлігінің берген мәліметіне сүйенсек, шекарадан өтуге ниет білдіргендер саны соңғы күндері 5 есе артқан. Ресми деректерге сай азаматтық соғыстан қашып Түркияны паналаған сириялық босқындар саны 3 миллион адамнан асады. Хатай губернаторы Мұстафа Масатлының хабарлауынша, сириялықтарды еліне құрметпен шығарып салу үшін өңірде үш шекара бекеті жұмыс істеп тұр. Олардың біреуі 11 жыл бұрын жабылып қалған.  Әр бекеттен күніне шамамен 15 мың адам өтіп жатыр. Олардың арғы бетке қиындықсыз өтуі үшін барлық жағдай жасалған.

Related posts

Қазақстан азаматтары Қытай шекарасынан жаяу кіре алады

editor

2025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

Блогерлер сот бақылауына алынды

editor