ТҮРКИЯ: жыл сайын — 40 миллион турист

Түркияның Қазақстандағы елшілігі Мәдениет және ақпарат басқармасының деректеріне сүйенсек, 2018 жылы Түркияда болып қайтқан туристер саны 39 миллион 488 мың 401 адамға дейін жетті. Түркияға аса қызығушылық танытатындардың көшін ресейліктер, немістер мен ағылшындар бастап тұр. 2019 жылы біз кем дегенде 50 миллион турист көрсеткішіне қол жеткізуге ниеттіміз. 2018 жылы Түркия Қазақстаннан барған 430 мыңға жуық туристі қабылдады. Теңіз туризмімен қатар, Түркия жыл бойы қысқы туризм, мәдени туризм, тау туризмі, далалық туризм, спорт туризмі, гастрономиялық туризм, сауда туризмі, сауықтыру туризмі, конгресс туризм, отау құру туризмі және т.б. әртүрлі бағыттар бойынша туристерді қабылдайды. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ЮНВТО) деректеріне сәйкес, Түркия Еуропадағы туристер ең көп келетін алғашқы үл елдің, әлемдегі алғашқы он елдің қатарында кіреді. 2018 жылы Түркияға барып қайтқан ресейлік туристер саны 5 млн 964 мың 613 адамды құрады. Сонымен қатар, осы жылы Түркияға Германиядан 4 млн 512 мың 360 турист келген. Түркияның әлемнің 100-ден астам елінен туристерді өзіне тарта алғанын атап өту керек. Бұл тізімді Ресей мен Германиядан келген туристер бастап тұр, бұдан кейін Ұлыбритания, Болгария, Грузия, Иран, Украина және т.б. елдер орналасқан. 2017 жылы Түркия жалпы саны 33 млн туристі қабылдаған. 2018 жылы туристер ағыны 22 %-ға артып, шамамен 40 млн адамды құрады. 2018 жылы Қазақстаннан Түркияға барған туристер саны да 2017 жылмен салыстырғанда ұлғайып, 426 мың 916 адамды құрады. Ағымдағы жылы туристер саны 50 млн адамға жетеді деп күтілуде. Дегенмен, 2019 жылдың алғашқы үш айындағы деректерді назарға алатын болсақ, туристер саны бұл көрсеткіштен асып түсуі әбден мүмкін. Түркия Республикасының Нұр-Сұлтандағы (Астана) елшілігінің Мәдениет және ақпарат істері жөніндегі кеңесшісі Нури Шимшеклер туризм секторының елге табыс әкелетін аса маңызды элемент болып табылатынын мәлімдеді, сондай-ақ бүгінгі күні қол жеткізілген жетістіктің бірнеше жыл бұрынғы кәсіби дайындық пен инвестициялардың жемісі екенін айтып өтті. Нури Шимшеклердің айтуынша, бұл жетістікке Түркияда бірнеше жыл бұрын жүзеге асырыла басталған туристік саладағы көреген саясат пен жұмсалған инвестициялардың арқасында қол жеткізілді. Бұған қоса, ол Түркияның жаз мезгіліндегі теңіз туризмімен қатар, әртүрлі өзге туристік бағыттарды дамытып келе жатқанын, мұның туристерді бүкіл жыл бойы қабылдауға мүмкіндік беретінін алға тартты. Сонымен қатар, Нури Шимшеклер мырза туристердің шамамен 12 мың жыл бұрын салынған, Шанлыурфа қаласында орналасқан әлемдегі ең көне қоныс Гөбекли-Тепе, сондай-ақ Конья қаласында 9 мың жыл бұрын іргетасы қаланған ірі қоныс Чаталхөйүк сияқты мәдени тұрғыдан құнды әртүрлі тарихи орындарға аса қызығушылық танытатынын айтты. Кеңесшінің сөзінше, Түркия туристер ең жиі келетін елдердің көшін бастап, әлемнің әртүрлі 110 елінен келген туристерді қабылдаған. Түркияға әдеттегі демалыс үшін келетін туристерден бөлек, жыл сайын бұл елге әртүрлі елдердің басшылары, министрлер, әлемге танымал әртістер, танымал спорт клубтарының өкілдері және басқа да жоғары деңгейлі қонақтар келеді. «Түркияда қоғамның кез келген санатындағы, бюджеті әртүрлі туристердің демалуы үшін сан алуан мүмкіндіктер қарастырылған. Туризм секторының еліміздің бюджетіне белгілі бір табыс әкелетініне қарамастан, біз үшін туризм, ең әуелі, біздің қонақжайлылығымызды көрсету және бай мәдениетімізді дәріптеу құралы болып табылады», — деді Нури Шимшеклер. 15 — 22 сәуір аралығында Дүниежүзілік туризм аптасының өткізілуіне орай, Нури Шимшеклер туристік секторда еңбек ететін барлық жұмыскерлерді, әсіресе Түркия мен Қазақстандағы жұмыскерлерді құттықтады. Теңіз туризмімен қатар, Түркия жыл бойы қысқы туризм, мәдени туризм, тау туризмі, далалық туризм, спорт туризмі, гастрономиялық туризм, сауда туризмі, сауықтыру туризмі, конгресс туризм, отау құру туризмі және т.б. әртүрлі бағыттар бойынша туристерді қабылдайды.

Түркітілдес журналистер қоры, www.ttjk.kz

Related posts

Explore Türkiye’s Aegean through the Popular Cycling Routes

editor

ШЫҰ қызметінің аса маңызды бағытының бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту

Назия Жоямергенқызы

Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

editor