ЖАСТАР ЖЫЛЫ – ЖАҢА ЖАСТАМАЛАР

2019 Жастар жылы: Жастар жеке бастамалар арқылы елдің көркеюіне әсер ете алады

Impact Hub Almaty бизнес шешімдер арқылы әлемді өзгертуді қалайтын жастарды жинады.  Ұйымдастырушылар «Social Impact Award» халықаралық бағдарламасын ұсынып, әлеуметтік кәсіпорындар құру мүмкіндіктерімен бөлісті. Бағдарламаны Қазақстанда 2018 жылдың наурыз айынан бері «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Impact Hub Almaty  ұйымы жүзеге асыруда.

«Шеврон» компаниясы өкілі Айнұр Сыдықованың айтуынша, «біздің компаниямыз бірнеше жылдар бойы жастардың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпкерлік бастамаларын қолдап келеді, себебі біз жастардың біздің елімізді дамытуға әлеуеті мол екеніне сенеміз”.

Қазақстандағы бағдарлама 18 бен 30 жас аралығындағы Алматы және Астана қалалар жастарына әлеуметтік кәсіпкерлік туралы білімге қол жеткізуіне жетекшілік етіп, және бастапқы капитал мен Social Impact Award халықаралық қоғамдастығына кіру арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті бастауға көмектесіп, кәсіпкерлік машығына үйретеді.

Ең үздік төрт жоба жалпы сомасы 2 000 000 теңге көлеміндегі грантқа және кейін өз жобаларын өрлетуге, сонымен қатар оны Қазақстан атынан 2019 жылдың қараша айында Киев қаласында (Украина) өтетін Social Impact Award жаһандық Саммитінде ұсыну мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарламаның Қазақстанда жүзеге асырылуының бірінші жылында (2018 ж.) Астана және Алматы қалаларында 15 әлеуметтік кәсіпкерлік жоба инкубациядан өтуге мүмкіншілік алды, оның төртеуі жеңімпаз атанып, өз жобаларын халықаралық деңгейде Тбилиси қ., Грузияда ұсынды.

Бағдарламаның 2018 жылғы жеңімпаздарының бірі Меруерт Сейдуманова өз пікірімен бөлісті: «SIA маған естен кетпес әрі керемет тәжірибе берді. Мен әлеуметтік кәсіпкерлік жайлы терең түсінік қалыптастырдым және оны қайта бағаладым. Әлеуметтік кәсіпкерлік дегенде біз қайырымдылық пен қаржы бөлуді емес, өзіңе және қоғамға табыс әкелуді ескеруіміз керек. Мен өзіме әлеуметтік кәсіпкерліктің жаңа бизнес модельдерін аштым. Мен SIA қатысушылары мен серіктестерінің ынталары, күш-қуаты мен уәждемелерінен үлкен шабыт алдым. Болашағымыз жетістігі мол, табысты және қоғамға жағымды өзгерістер әкелетін әлеуметтік кәсіпкерлер қолында болу керек. ”.

Social Impact Award Еуропадағы әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша ең ірі жастар бағдарламасы. 2018 жылда бағдарлама әлемнің 20-дан астам елінде 1000-нан астам топтың әлеуметтік кәсіпкерлігін дамытты. 2009 жылдан бері бағдарламаға қатысушылардың 60% Social Impact Award-тан 2 жыл өткен соң әлеуметтік кәсіпкерлігін жалғастырып келеді.

Ақпараттық анықтама

Impact Hub Almaty (IHA) – Қазақстандағы әлеуметтік және шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуға толық қолдау көрсететін бірегей алаң. Платформа «Шеврон» және Орталық Азияның Еуразия Қорының қолдауымен құрылған. IHA әлемнің 5 құрлығындағы 16 000-нан астам мүшелерімен 100-ден астам хабтардан тұратын Global Impact Hub Network құрамында, коворкинг, іс-шара алаңы, жеделдету бағдарламалары, оқыту және тәлімгерлік қолдау, сондай-ақ Алматы қаласы және бүкіл Қазақстанның әлеуметтік және шығармашылық кәсіпкерлердің инновациялық қоғамдастығына қол жетімділікті ұсынады.

Chevron — «Шеврон» корпорациясы әлемнің алдыңғы қатарлы біріктірілген энергетикалық компанияларының бірі. Біз шикі мұнай мен табиғи газды геологиялық барлау, өндіру және тасымалдау; жанар-жағар май материалдарын бөлу және тарату; мұнай-химия өнімдері мен қоспаларын өндіру және сату; сондай-ақ технологияларды дамыту және қолданумен айналысамыз.

«Шеврон» Қазақстандағы жеке меншік мұнай өндіретін жетекші компания болып табылады және екі елдегі ең ірі кенорындар – Теңіз және Қарашығанақ кен орындарындағы үлестері бар. Корпорация сондай-ақ Каспий Құбыр Консорциумының жеке меншік акционері болып табылады, сонымен қатар, Атыраудағы полиэтилен құбырлар зауытын және құбыр арматурасының зауытын табысты басқарады.

Түркітілдес журналистер қоры

 

Компания сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына – сервистік және әлеуметтік инфрақұрылымды құруға, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерін жабдықтауға, осал топтармен жұмыс істеуге арналған бағдарламаларды қолдауға, білім беруді дамытуға, экологиялық, әлеуметтік және шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуға белсенді түрде қатысады.

Related posts

АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР

Назия Жоямергенқызы

Вызовы и перспективы государственной службы были обсуждены 200 практиками, учеными и экспертами из 20 стран мира

ttjk

EVLİYA ÇELEBİ GENÇLİK KÖPRÜLERİ DESTEK PROGRAMI’NA BAŞVURULAR BAŞLADI

ttjk