ТҮРКИЯ ЕЛШІСІ РЕСМИ АҚПАРАТҚА СЕНУГЕ ШАҚЫРДЫ

Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келген қазақстандықтарды ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

«Қазақстанда арнайы шот ашылды. Ол шотқа Түркия елшілігі жауап береді. Қазір Қазақстан тарапы да арнайы шот ашатыны туралы әңгімелер айтылып жатыр. Сіздерге өтініш, ақпаратты тек ресми көздерден алсаңыздар. Өйткені түрлі адамдар бар, алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйеніп қана шешім қабылдауды өтінеміз», — деді Төтенше және өкілетті елші Астанада өткен брифингте.

Уфук Екиджи мырзаның айтуынша, Қазақстандағы Түркия елшілігі арқылы үш қалада көмек қабылданып жатқанын айтты: «Біз гуманитарлық көмек қабылдауды жалғастырамыз. Астанаға жеткізілген көмек елшілікке жиналып жатыр. Сондай-ақ, ел аумағындағы өзге де өкілдіктерімізде көмек жинау орындары ашылған. Бұл – Алматы және Ақтау қалаларындағы бас консулдық тар. Қарапайым адамдардан бөлек Қазақстан Үкіметі де көмек беріп жатыр. Екі ұшақпен іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар жіберілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы 1 млн доллар көлемінде шұғыл көмек беру туралы шешім қабылдағанын білеміз».

Түркия-Қазақстан Іскерлер қауымдастығы (TÜKİB) бірлесе отырып, AFAD ресми шотына аударылатын қаржылық көмек науқаны басталды, шот нөмірі сондай ақ Kaspi.kz арқылы да көрсетілген шотқа ақша жіберуге болады:

KZI Bank (теңге)

Карта нөмірі: 5354 5700 2927 2895

Шот нөмірі: KZ43885102870D1ZLV00

Swift коды: KZIBKZKA

Related posts

Türk Konseyi Turizmden Sorumlu Bakanlar Toplantısı

ttjk

ҰЛТТЫҚ СТУДЕНТТІК ЛИГАНЫҢ ФИНАЛЫ

ttjk

Turkey has launched “Healthy Tourism Certification” Program

ttjk