ХАТАЙДА ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ ТАБЫЛДЫ

❗Түркияда жоғалған отандастарымыз туралы жақсы жаңалық

Ү.ж. 7 ақпанда ҚР СІМ «жедел желісіне» 4 дос жер сілкінісінен кейін байланысқа шықпайтыны туралы қоңырау түсті. Олардың үшеуі ҚР азаматтары, ал төртіншісі Түркия азаматы.

Жоғалған жастардың соңғы орналасқан жерін туыстарынан біліп, біздің дипломаттарымыз дереу түрік билігіне хабарласты. Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Ішкі істер министрлігінің басшылығымен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде Хатай провинциясының Антакья қаласындағы аталған мекен-жай бойынша құтқарушылар тобы жіберілді.

Қазір отандастарымызды соңғы рет көрген үйде іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Әзірше Сабина Мамадьярова мен олардың түрік досы Кубилай Кескин табылды. Екеуі де аман-сау, оларды дәрігерлер тексеруі керек. Жұмыс жалғасуда. Қалған жігіттер де аман-есен табылады деп үміттенеміз.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі

 

Related posts

«IITU Robocon Games» чемпионаты

Назия Жоямергенқызы

АЛМАТЫДА САКУРА АҒАШТАРЫН ОТЫРҒЫЗДЫ

ttjk

ҚОСҚҰДЫҚТА БӘЙГЕ ӨТТІ

ttjk