ОСК заңды тұлғалардан хабарлама келгенін мәлімдеді

Орталық сайлау комиссиясы 5 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы хабарламалардың түскені туралы хабарлайды

Орталық сайлау комиссиясына 5 заңды тұлғадан тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті:

1.«Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) – «face to face» сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI);

2.«AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» – «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);

3.«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» — дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);

4.«Еуразиялық интеграция институты» — «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);

5.«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» – «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll).

Related posts

В Семее прошёл духовно-познавательный конкурс «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі», посвящённый 180-летию Абая Кунанбайулы

«ХАЛЫҚ» БАНКІНІҢ ҚАРҚЫНЫ ҚАРЫМДЫ

ttjk

Қолданыстағы заң нормаларының күші жойылды

editor