ТҮРКИЯҒА БИЫЛ 37 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ

2018 жылы Касамону қаласына Жер шарының түкпір-түкпірінен 37 миллион турист келеді.

Бұл туралы түркі елдерінің журналистерімен болған баспасөз мәслихатында Түркия Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш мырза мәлімдеді.

Нуман Куртулмуш мырзаның айтуынша, 2016 жылы болған саяси оқиғалар, еуропалық елдердің Түркияға деген көзқарасы, Ресей мен Түркия арасында болған ұшақ қазасы т.б. жағымсыз жайттар Түркия туризміне кері әсер еткен. Бірақ арада көп уақыт өтпей туристер саны арта бастапты.

«Ресеймен арадағы ұшақ проблемасын шешуге Түркі әлемінің ақсақалы — Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалы мен көмегі зор. Сол үшін де Назарбаев мырзаға және қолдау көрсеткен барлық түркі мемлекеттерге алғыс айтамыз», — деген Министр мырза биыл Түркияға Германиядан — 5 млн турист, Ресейден — 6 млн турист, ал бүкіл әлемнен 37 млн турист келеді деп болжанғанын жеткізді.

Нәзия Жоямергенқызы,

Кастамону, Түркия

Related posts

HALYK BANK пен SULPAK СЕРІКТЕСТІГІ

ttjk

«ЖАС КУАТ» — ПРОГРАММА ДЛЯ МОЛОДЫХ АТЛЕТОВ

ttjk

HALYK BANK: СМАРТФОНДАРҒА POS- ТЕРМИНАЛ

ttjk