НАУРЫЗ ТОЙЫ – КАСТАМОНУДА

Бүгін Түркияның Кастамону қаласында түркі елдерінен жиналған жұрт Наурыз тойын тойлап жатыр. Түркия Мәдениет және туризм министрлігі, Кастамону қаласы мен ТҮРКСОЙ ұйымының басшылығымен өткізілген салтанатты жиын ТРТ AVAZ телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Биыл Наурыздың Кастамонуда тойлануы тегін емес. 2017 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы Түркістан болса, 2018 жылдың туын Кастамону қабылдап алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Кастамонуға 18 мемлекеттен 200-ден астам қатысушы шақырылған. Олардың арасында өнер адамдары, дипломаттар, саясаткерлер, бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдени ұйымдардың өкілдері шақырылған.

Ашылу салтанатында ТҮРКСОЙ жетекшісі Дүйсен Қасейінов пен Түркия Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш мырзалар жиылған көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады.

Таңертең мерекелік шарамен ашылған Наурыз тойы кешке гала концертке ұласады.

Нәзия Жоямергенқызы,

Кастамону, Түркия.

Related posts

ІТ мамандар дайындаудағы жаңа тұжырымдама

ttjk

ТУРЦИЯ ЕЖЕГОДНО ПРИНИМАЕТ 40 МИЛЛИОНОВ ТУРИСТОВ

ttjk

2023 жылы қоныс аудару жобасына 200-ден астам отбасы қатысты

ttjk