ҚАЗАҚСТАНДА ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәлімдеуінше, Қазақстандағы бірқатар облыста жолдар жабылды. Оған себеп, ауа райының күрт өзгеруі.

2025 жылдың 16 наурызы 08.00-де Қазақстанның Ресей және Қытай елдерімен жалғайтын жолдарымен жүруге тиым салынды: «Ресей Федерациясының шекарасы  — Мартук — Ақтобе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — Қытай Халық Республикасының шекарасынан Арал қаласы мен Әйтеке би қыстағына дейінгі жолдар жабылды». Дәл қазір аталған аумақтағы жолдарды тазалауға 207 дана арнаулы техника мен 433 маман жұмылдырылған.

 

Related posts

Өңірдегі мәселені шешуге жасанды интеллект көмекке келеді

editor

ТҮРКИЯДАҒЫ ФУНДУК ФЕСТИВАЛІ

Назия Жоямергенқызы

Педагогикалық білім беруге мән берілуде

Назия Жоямергенқызы