ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАҒЗЫМ

16 желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіздік күнін тойлайды. Биыл егемендігімізді алғалы 31 жыл толды. Осы мерекеге орай өтетін салтанатты іс-шараларға қысқаша шолу жасадық.

2022 жылдың 15 желтоқсанында Алматыдағы Қонаев мұражайында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» тақырыбында фотокөрме өткізілді.

Достық даңғылында орналасқан Оқушылар сарайында «Қазақстандық кескіндеме: Тәуелсіз Қазақстан өнеріндегі жаңа тенденциялар» деген көрмесі ашылды. 30 желтоқсанға дейін жалғасатын көрмеге Ақтөбе, Ақтау, Алматы қалаларының жас суретшілерінің 70-тен астам жұмыстары қойылған.
жылдағы дәстүр бойынша 16 желтоқсанда Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылады. Бұл ескерткіш 1996 жылы салынған. Биіктігі 28 метр болатын ескерткіште қанатты барысты мініп тұрған «Алтын адам» бейнесі суреттелген. «Алтын адам» – исі түркінің тарихында орны бөлек әрі маңызы зор мәдени-тарихи мұра. Сондықтан да оның бейнесі мемлекетіміздің рәміздерінің бірі ретінде таңдалды.

Отынбекова Айша,
№204 ЖББ мектебінің
11”А” сынып оқушысы,
Алматы қаласы.

Сурет: Интернеттен алынды.

Related posts

Тамыз – Түркияда фундук маусымы

Назия Жоямергенқызы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

ttjk

АСТАНАЛЫҚТАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДАН САҚТАНДЫРАДЫ

Назия Жоямергенқызы