Түркітілдес журналистер форумының алғашқы күні Медеу мен Шымбұлақтан басталды

«Түркітілдес журналистер қоры”ҚҚ ұйымдастырған шаралары әрқашан білім ала отырып, туризмді насихаттайды. Соның дәлелі шетелдік сапарларда барған жердің әртүрлі туристік мүмкіндіктерімен таныса отырып, білім алса, ел ішінде ұйымдастырған шараларда да форум өткен қалалардың көрікті жерлерін алыс жақын шетелден және аймақтардан келген журналистерге таныстырудан басталады.

Соның дәлелі шілде айында өткізілген Түркітілдес журналистер қорынң Алматы облысы әкімдігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің серіктестігінде өткізілген шарасында Қазақстан мен Бельгия, Түркия, Швейцария, Британия, Франция, Австрия, Нидерланд, Германия, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан келген журналистер Алматы облысының ең көрікті жерлерін аралап, Көлсай, Шарын секілді әсемдігі көз тартар жерлерін аралаған болатын.

Бұл жолғы ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ Алматы қаласының айналасындағы Медеу, Шымбұлақ секілді туристік мекендерді аралаудан басталды. Еліміздің әр аймағы мен Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Бельгия, Британия, Нидерландтан келген журналистер үш күндік шараның алғашқы күнінде Шымбұлаққа шығып, табиғатына тамсанып, Медеуге барып коньки теуіп, таудың таза ауасымен тыныстап, қаланың туристік мекендерін аралады.

Мұндай пресс турлар дүниенің түкпір түкпірінен жиналған журналистер арқылы фооум өткен қаланың туристік әлеуетін насихаттай түсері анық.

Related posts

Үміт ШАЯХМЕТОВА: ХАЛЫҚ БАНКТЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ БАР, ҚАРАЖАТ ЖЕТКІЛІКТІ

ttjk

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕР ОЙЫНДАРЫ: АСТАНАЛЫҚ ГРЭППЛИНГ ШЕБЕРЛЕРІ 3 ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Назия Жоямергенқызы

Мың құбылған доллар бағасы

editor