ТҮРІК МАМАНДАРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

Қазақстандағы қазақша көркем фильмдер мен сериалдар түсіретін продюсерлік орталықтар басшылары тәжірибе алмасу мақсатында Түркияға барады.

Алматыда өткен Түрік фильмдер апталығы шеңберінде Түркітілдес журналистер қоры  еліміздегі отандық продюсерлер мен режиссерлерді Түркиядан келген киноиндустрияға ықпалды біраз маманмен кездестірді.

Кездесу нәтижесінде қазақ продюсерлік орталықтар басшыларын Түркияға сапарлатып, арнайы шеберлік сабақтары ұйымдастырылатын болды. Бауырлас түрік елінде киноиндустрия саласы мықты дамыған. Сериалдарды түсіру тобында актерлерді қоспағанда, кем дегенде 50 адам жұмыс істейді. Жылына 150 толықметражды фильм, 150 сериал түсіріледі екен. Оның 20-сына ғана мемлекет қаржылай қолдау береді. Қалған 130-ы – көрермендердің көмегі.

Қазақ продюсерлік орталықтар басшылары Стамбұлдағы сапар барысында сериалдарға демеуші табу, серіктестермен тиімді келісімшарт жасау, қосымша қаржы көздерін іздестіру, көрермен сұранысын анықтау үшін мониторинг жүргізу, актер-актрисаларды іріктеу жолдары, мықты сценарий жазу т.б. аса маңызды нәрселерді үйреніп қайтады. Бұйыртса, қаңтар айында. Қазақша продакшндарды «Көкжалдар мекені» (Kurtlar vadisi Pusu. Полат Алемдар), «Тірілу» (Diriliş «Ертұғрұл») т.б. ең мықты, ең керемет продюсерлер мен режиссерлармен кездеседі. Заманауи декорациялар қалай жасалатынын көреді, түсіру алаңдарында болады және халықаралық деңгейдегі актер-актрисаларымен танысады. Келесі аптада Түркітілдес журналистер қорының кеңсесінде қазақ продакшндар басшылары жиналады. Қатысам деушілерге есік ашық. Толық ақпарат үшін: 8778 878 3408.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

ЦЕРЕМОНИЯ ЧЕСТВОВАНИЯ ЛУЧШИХ ОФИЦЕРОВ

Назия Жоямергенқызы

ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ

ttjk

АНАШЫМ – АСЫЛ ЖАНЫМ

ttjk