ШОНА СМАХАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР

Алматы қаласындағы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда оқушылар арасында шахматтан турнир өтті.

Алматы қаласы Алмалы ауданына қарасты 9 мектептің 2-8 сыныптарында оқитын 35 бала қатысқан турнир Шона Смаханұлының туған күні құрметіне орай ұйымдастырылды. Турнир төрешілері – Алматы Шахмат клубының мамандары Сайранов Кәрібоз бен Рахымжанов Серік.

Бірнеше мектептің үздік ойыншыларын жинап, Шона Смаханұлы атындағы турнирді ұйымдастырған – шахматтан спорт шебері әрі кәсіби бапкер Серік Ибраимов. Қырық жылдан астам уақыттан бері жастарды тәрбиелеумен айналысып жүрген Серік Имашұлының алғашқы шәкірті – Шахматтан әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы Дәрмен Садуақасов.

«Турнирді өткізудегі басты мақсатымыз – Шона Смаханұлы сияқты Қазақтың тіртуар ұлын ұлықтау  әрі жас жеткіншектер арасында спортты, оның ішінде, шахматты насихаттау. Өйткені шахмат балалардың ой-өрісін өсіріп, білім көкжиегін кеңейтуге ықпал етеді. Өздігінен тез әрі дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Бұлардың бәрі – балалардың өмір жолында үлкен көмек болатын жақсы қасиеттер», – деген Серік Имашұлы жарысқа жиналған ата-аналарды балаларды шахматқа баулуға шақырды.

Турнир қорытындысында, ұл балалар арасында І-орынды Мұхтар Әуезов атындағы №128 мектептің 2 «А» сынып оқушысы Қуат Асқар иемденді. Ал ІІ-орын №39 мектептің 5 «А» сынып оқушысы Әлмұханбетов Дәулетке, ІІІ-орын №39 мектептің 6 «Б» сынып оқушысы Тоқтанов Әлібекке бұйырды. Қыз балалар арасындағы жеңімпаздарға келсек, І-орынды – №62 гимназияның 8 «А» сынып оқушысы Әдібаева Алтынай, ІІ-орынды №36 мектептің 4 «Б» сынып оқушысы Қанат Нұрдана, ІІІ-орынды – №128 мектептің 4 «А» сынып оқушысы Асқарқызы Нұрай қанжығаға байлады.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

ttjk

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕР АФРИКАДА ҚҰДЫҚ ҚАЗДЫ

ttjk

Türk Keneş’inde Macaristan

ttjk