Ұстаздар құрған шырша үшін әкімдіктен 30 млн теңге бөлінген

Семейде шырша безендіруде зардап шеккен мұғалім Қуат Айтқалиевтің әйелі Сымбат Аянқызы күйеуі зардап шеккен оқиға туралы айтып берді.
Оның айтуынша, өзі де, күйеуі мұғалімдік қызметте, жарының жұмыс істеп жүргеніне 10 жылдан асқан. Отбасының бір баласы бар. Күйеуі оқиға болғаннан кейін екі күн жансақтау бөлімінде жатқан. «Сағат 8-9-дарда менің жолдасыма директор хабарласты. Әліби деген досына №49 мектептің директоры Гүлфариза Тоқтаубайқызы хабарласып, алаңға шырша құру үшін жиналу керек екенін айтқан. Сол кезде сағат тоғызда ол шығып кетті. 9:30-да алаңға жетіпті. Шырша құрып жатқан кезінде 4-5 метр биіктен құлаған. Оқиғадан кейін бірден келдім, оны ота жасатуға алып кеткен. Дәрігер оның бассүйегі сынып, миына кіріп кеткенін айтты. Кішкентай ісік барын да білдік. Дәрігерлер күйеуімнің жағдайы өте ауыр және ештеңе айта алмаймыз деп отыр. Ота жасалып, миындағы қаны алып тасталыпты. Бассүйегінің бір бөлігі де алынған. Үш айдан кейін орнына пластмасса қояды», дейді жараланған ұстаздың әйелі. Сондай-ақ Сымбат Аянқызы бұл шырша білім басқармасы, болмаса, мектептікі емес, тікелей Семей қаласы әкімдігінің шыршасы екенін және оны құруға 30 млн теңге бөлінгенін мәлім етіп отыр.

Related posts

Culture | 34 Things to Know Before You Visit China

ttjk

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

editor

АЛАМАН БӘЙГЕНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ 4 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Назия Жоямергенқызы