Сириядағы террорлық ұйымда болған екі отандасқа сот үкімі шықты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның 2 азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды.

Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған.  Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды.  Олардың біреуі Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы).  Екіншісі, Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы).

Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.

Related posts

Стамбұлда әлемдік денсаулық сақтау қауымдастығы бас қосады

ttjk

Стамбул станет центром круизного туризма в 2023 году

ttjk

Мемлекет басшысы Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады

editor