Соңғы қоңырау 1-маусымда өтеді

Биылдан бастап оқушылардың мектеп бітіруіне байланысты аталып өтетін «Соңғы қоңырау» мерекесі 1-маусымға ауыстырылды. Бұл туралы ведомствоның Telegram каналында Оқу-ағарту министрлігі, Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова хабарлады.

Төрағаның сөзінше, 2023-жылдан 36 апталық оқу жылы 1-қыркүйекте басталып, 31-мамырға дейін жалғасады. Оқушылар 31-мамыр Ашаршылық және Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай сыныптан тыс сағаттар өткізеді. Ал 1-маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнімен бірге Соңғы қоңырау мерекесін де атап өтеді.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Соңғы қоңырауды 1-маусымға ауыстыру туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтың атына депутаттық сауал жолдаған.

Сурет: egemen.kz

Related posts

ШЕТ ЕЛДЕРГЕ ҰШАҚ РЕЙСТЕРІ ШЕКТЕЛДІ

ttjk

Түркияның ең ұзақ қашықтықтағы велосипед жолдарымен танысу

ttjk

Астаналықтарды әлеуметтік медивиналық сақтандыру жүйесімен қамту

ttjk