Парламент тарайтын болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісін таратып, мәслихаттардың өкілеттілігін тоқтату туралы кеңес өткізді. Жиынға сенат пен мәжіліс төрағалары және премьер-министр қатысты,-деп хабарлайды Ақорда сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты.

«Мен қыркүйектегі Жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Конституцияның 63-ші және 86-шы баптарына сәйкес өткізген кеңес барысында парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов және премьер-министр Әлихан Смайылов сөз сөйледі.

Кездесу соңында Президент барлық айтылған ой-тұжырымдарды ескеріп, нақты шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Сурет: akorda.kz

Related posts

En kapsamlı anketten çıkan çarpıcı sonuçlar

Назия Жоямергенқызы

КОНЬЯДАҒЫ МӘУЛАНА МУЗЕЙІ

ttjk

Объявлен календарь соревнований ТЕКНОФЕСТ-2023

ttjk