ӘСЕЛХАН АПАНЫҢ ӘДЕМІ ӘЛЕМІ

Кеше «Әселхан оқулары» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.

Күні кеше Отырар ауданы «Жастар ресурстық орталығының» ұйытқысымен «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекованың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған «Әселхан оқулары» облыстық көркем сөз оқу видео-байқауы өз мәресіне жетті. Инстаграм желісінде облыстың поэзия сүйер жастары Әселхан Қалыбекованың 2011 жылы жарық көрген «Ұлық ием алғанда кеңдігіне» атты кітабынан бір өлең жаттап, парақшаларына хэштег арқылы жариялаған болатын. Қорытынды бойынша 33 үміткер арасынан 5 жеңімпаз оза шауып, тікелей эфирде жарияланды.

Әселхан Қалыбекова- республикамызға танымал айтыскер, от ауызды орақ тілді арқалы ақын. Отырар ауданының тумасы 22-сәуірде 70 жасқа толды. Осынау мерейтойға орай ұйымдастырылған «Әселхан оқулары» облыстық байқауы жеңімпаздарын Әселхан Қалыбекова арнайы құттықтап, әрқайсысының өлең оқу шеберлігіне тоқталып өтті. Атап айтқанда, Түркістан қаласынан Сайлау Дамира, Сарыағаш ауданынан Алтынай Маликаждарова, Ордабасы ауданының үмітін арқалаған Дулат Абдраманов, Отырар ауданының белсенді жасы Жақсылық Аяулым және Бәйдібек ауданынан Әзімбайқызы Эленора жүлдегерлер қатарынан көрінді. Байқау жеңімпаздары Отырар ауданы әкімі Жүнісов Әбдіғали Айтжанұлының арнайы дипломымен, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Өміртай Амалбек Дәркенұлының «Шам-шырақ» кәде сыйымен және Әселхан Қалыбекованың жаңа жарық көрген «Сахарда тұрдым Сені іздеп» атты қолтаңбасы мен ақ тілектері жазылған кітаппен мараппаталатын болады. Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» да бұл байқаудың өтуіне орасан зор қолдау танытқан болатын. Ұйымдастырушылардың сөзінше, байқау әрі қарай да өз жалғасын таппақ. Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!

Алтынай Бауыржанқызы

«Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газетінің жас тілшісі

Related posts

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕР ЖЕР ЖӘННАТЫ – АЛАНЬЯДА

ttjk

Қасиетті Рамазан айын Стамбұлда өткізіңіз

ttjk

Түркістан – Түркі жұртының өткені мен бүгінін байланыстыратын рухани үндестік

ttjk