МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

«Қандай мамандық таңдаймын?». Жыл сайын мектеп түлектерін толғандыратын сұрақ. Мен де биыл мектеп бітіріп, ересек өмірге қадам басқалы тұрған жанмын. Ең бастысы, жаныма жақын мамандығымды адаспай табу. Кейін өмірімді өкінішпен өткізбеу. Көптен бері көңілімде жүрген ой: «Журналистиканы таңдайын ба, филологияны ма?». Сол себепті, бүгін осы мәселені көтермекпін. Талай пікір-ұсыныстарды тыңдадым. Филологтар: «Филолог болған тиімді. Себебі,тек онымен шектелңп қана қоймай, зерттеуші, радиода жұмыс, копировкада, тіпті журналист болып жұмыс істеуге де болады»- дейді. «Әрі журналистердің көбісі тақылдап тұрғанмен жазуға келгенде ақсайды, қате жазады!» – деп сынға алғандар да болды. Ал, журналисттер: «Біздің абыройымызға нұқсан келтіріп жүрген, филологияны бітіріп, журналистикаға ауысқандар. Олар белгілі бір шарттарды толық білмейді. Журналистиканың заңдарынан бей хабар!» – деп келіспей отыр. Мен екі жақтан да естігендерімді зерделей келе, былай деп шештім. Филолог ол – филолог болып қалуы керек. Ал журналист журналистігінше қалуы керек. Өйткені, «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» – демекші. Екі жақпен айналысу дұрыс емес. Немесе, екі жақтың да шарттарын толық меңгерген жөн. Қазір түсініп отырғаным, «Ой, мен мақала жаза аламын, өлеңді де суырып саламын. Журналист болу маған түк те емес!» – деп, ойлап жүргендер болса, сіздер қателесесіздер. Журналист деген тіл білуі керек, адамдармен психалогиялық қарым-қатынас жасауды білуі керек. Ең бастысы әр адам, әр бір тұлға мамандық таңдауда жүрегіне ерік беруі шарт. Бұрындары мамандық таңдау ең басты мәселе болатын. Қазір талай, бизнеспен айналысуға, үйде отырып ақша табуға да болады. Бірақ, сонда да ақша табу үшін жұмыс істеу мен рахаттану үшін жұмыс істеудің арасы, жер мен көктей. Рахаттану үшін деген сөз, шынымен өз мамандығыңды жақсы көру. Ал, онымен сен – биік белестерді бағындырып, өз салаңда жоғары шыңға шығасың. Ақша үшін жұмыс істеу, уақытша дүние. Адам өзі ұнатпайтын адаммен ұзақ тұра алмайтыны сияқты, ол да дәл солай, бір күні жалығады. Оған қоса, елімізде жақсы жетілмеген мамандықтарды неге таңдамасқа? Нег олардың жетілуін күтіп жүрміз? Оны жетілдіретін біз емес пе? Ел болашағы жастар! Қорыта келгенде, мамандық таңдауда қателеспейік. Еліміздің болашағы біздің қолымызда екенін ескерейік! Пң бастысы, әрбір азаматтың көңілінде «Мамандығым – мақтанышым» деген сезім болуы тиіс.

Мафтуна Нажиева

Related posts

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН МАРАПАТТАР

ttjk

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛҚЫ НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАДЫ

ttjk

БЕЗОПАСНЫЙ ТУРИЗМ В ТУРЦИИ

ttjk