БАЛЫКЕСИРМЕН БАУЫРЛАСТЫҚ БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, қазақ журналистер Балыкесир қаласына тәжірибелік іссапармен келді. Алғашқы күнді Эгей теңізінің ортасындағы Джунда аралының тұрмыс-тіршілігімен танысудан бастаған БАҚ өкілдері Балыкесирдегі зәйтүн өнімдерін шығаратын фабрикаға барды. Түркияда бұл кәсіп өте мықты дамыған. Балыкесирде 12 миллион зәйтүн ағашы бар. Жыл сайын 35 000 тонна зәйтүн майы өндіріледі.
Балыкесирдегі ең көрікті жерлердің бірі – “Şeytan sofrası” (“Шайтан дастарқаны”). Тарихы аңыздардан бастау алатын мекеннің тағы бір ерекшелігі “Шайтанның ізі” бар. Бір қарағанда, аяқкиімнің ізіне ұқсайтын шұңқыр ғасырлардан бері жа Эгей теңізінің жағалауында ішкен қазақ журналистерге Балыкесир журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир: “Бақытты адамдар тұратын Балыкесирге қош келдіңіздер, бауырлар! Биыл тамызда Түркітілдес журналистер қорының шақыруымен, Алматыда қонақта болғанбыз. Жасыл желекке оранған сұлу шаһарға ғашық болдық. Алматыны Балыкесирге ұқсаттық. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мырзамен кездескенде бізге бауырластық, туыстық туралы айтқан сөзі жүрегімізді елжіреткен. Әріптестік әрі бауырластық байланысымыз жалғаса берсін”, – деді.
Түркітілдес журналистер қорының мүшелері 5 күнге созылатын сапарда Балыкесир қаласының әкімі Йүджел Йылмаз мырзамен, Кареси ауданы әкімі Динчер Оркан мырзамен, Балыкесирдегі БАҚ басшыларымен, журналистермен кездесіп, тарихи-мәдени мекендерге барады.

Related posts

Қарағанды облысында халыққа ТЖ кезінде көмектесетін еріктілерден құралған 25 мобильді топ құрылды

ttjk

“ҰРПАҚҚА АМАНАТ”

ttjk

Türkiye sets a global example of sustainable tourism

Назия Жоямергенқызы