Сайлау: Тіркелген партиялар тізімі

Қаңтардың 21-күні парламент мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына қатысуға 7 партия мүмкіндік алды. 8-ақпанға дейін Әділет министрлігіне тіркеліп, құжаттары заңға тура келген басқа партиялар да сайлауға қатыса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиисиясы хабарлады.

Сайлау өтетіні туралы презиедент жарлығы шыққан 19-қаңтардан кейінгі екі күнде, яғни, 20-21-қаңтар аралығында тіркелген партиялар:

  1. «Қазақстанның Халық партиясы». 2002 жылы сәуір айында тіркелген.
  2. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы. 2000 жылы наурыз айында тіркелген.
  3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. 2007 жылы қаңтар айында тіркелген.
  4. «AMANAT» партиясы. 1999 жылы ақпан айында тіркелген.
  5. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы. 1999 жылы ақпан айында тіркелген.
  6. «Байтақ» Қазақстандық жасылдар партиясы. 2022 жылы қараша айында тіркелген.
  7. «Республика» партиясы. 2023 жылы қаңтар айында тіркелген.

Мәжіліс пен мәслихатқа үміткер ұсыну 20-қаңтарда басталып, 8-ақпан кешкі 18:00 дейін жалғасады. 20-қаңтардан 18-ақпанға дейін ұсынылған кандидаттар тіркеледі. Үгіт-насихат жұмыстары 18-ақпан күні 18:00 ден 18-наурыз түнгі 00:00 дейін жалғасады.

Сурет: aa.com.tr

 

Related posts

Ресей президенті Ақордаға келді

editor

Түркиядағы Caretta carettas тасбақаларының фантастикалық саяхаты

Назия Жоямергенқызы

Алматы тасымалдаушылары қоғамдық көлікте қолма-қол төлемді алып тастауды сұрайды

Назия Жоямергенқызы