Есірткі жарнамасымен айналысқан жасөспірімдер ұсталды

Қарағанды қаласында есірткі саудасын жарнамалайтын парақшаларды жапсырумен айналысқан жасөспірімдер ұсталды.

 Октябрь полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақты аралау кезінде тұрғын үйлердің бірінің есігіне жаңадан жапсырылған QR-коды бар парақшаны анықтаған. Тексеру барысында сілтеменің есірткі саудасына қатысты Telegram-арнасына апаратыны белгілі болды. Жедел әрекет ету нәтижесінде құқық қорғау қызметкерлері 14 және 15 жастағы кәмелетке толмаған екі қызды ұстады.

Ұсталғандардың қолында әлі жапсырылмаған 60-қа жуық парақша тәркіленген. Жасөспірімдердің сөзінше, олар бұл жұмысты хабарландыру арқылы тапқан. Әрбір жапсырылған парақша үшін оларға 70 теңге төленген. Мектепте бұған дейін мұндай іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетіні бойынша бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, оқушылар бұл жарнаманың зиянсыз екеніне сенгендерін жеткізген. Олар сілтеменің халық тұтынатын тауарлар сататын интернет-дүкенге апаратынын көрсеткен. Қазір  қозғалған қылмыстық іс аясында заңсыз материалдарды таратуды ұйымдастырған адамдарды анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Related posts

Электрсамокат үшін 130 ата-ана жазаланды

editor

Электр энергиясының бағасы қымбаттайды

editor

Алматыда Qazaqstan IGF 2024 интернетті басқару жөніндегі екінші ұлттық форум өтуде

editor