Сайлау Қасабеков: БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Жуырда Орталық Азия университетінде аталған Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен аталған оқу орнының іргетасы қаланғалы 20 жылдық мерейтой қарсаңында «Өнерді үйрен де, жирен»  атты ашық есік күні өткен болатын. Мәдени іс-шараның негізгі бағдарламасы «Достығымыз жарасқан – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел болды.  Бұл шараға Алматыдағы мәдени орталықтардың төрағалары, Алматы қаласының жастар ұйымдары, ЖОО КДМ төрағалары қатысты. Салтанатты жиынды құттықтау сөзімен ашқан Орталық Азия университетінің ректоры С.Қасабековтен кейін Түрік мәдени орталығының жетекшісі Үсейін Қасанов, Корей мәдени орталығының жетекшісі Бронислав Шин,  Дүнген мәдени орталығының жетекшісі Зухра Әбубәкірова, Орыс мәдени орталығының жетекшісі Всеволод Лукашев және жоғары оқу орындарының Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары баяндама жасады. Жас ұрпақ үшін өнегелі істерге бастау болатын бұл шараның соңында Университет ректоры Сайлау Қасабеков мырзамен сұхбаттасқан едік. rektor-2 Сайлау Аманжолұлы, бүгінгі шараның басты мақсаты туралы айтсаңыз?

– Қазіргі кезде Қазақстан жерінде талай ұлт пен ұлыстың өкілі өзара татулық пен ауызбіршілікте өмір сүріп жатыр. Береке мен бірліктің үлгісі болған Қазақ елі Жер шарының өзге мемлекеттеріне өнеге болған. Біздің Орталық- Азия университетінде де өзге ұлт өкілдері көп және біз оларға жиі көңіл бөлеміз. «Достығымыз жарасқан – Тәуелсіз Қазақстан» атты дөңгелек үстелді ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – соңымыздан ерген өскелең ұрпаққа, жас буынға тәрбие ретінде дөңгелек үстелді ұйымдастырып жатырмыз. Өзге ұлт өкілдерін шақырған себебіміз, 25 жылдан бері дербес ел ретінде өсіп-өркендеп келе жатқан Қазақстанның дамуына өзге ұлт пен ұлыстың да өзіндік үлесі бар.

– Универитет қабырғасында қанша ұлт өкілдері білім алып жатыр?

– Жаңа айтып өттім, біздің университетімізде бүгінде 25 өзге ұлт өкілі, білім алып жатыр. Басқа мемлекеттен 19 студентіміз бар. Біреуі – магистратурада. Ауғанстан азаматы. Бастысы, білімге құштар кез келген жасқа біздің есігіміз әрқашан ашық!

 – Жастарға айтар тілегіңіз қандай?

–  Ең бірінші тілегім, жастар аман болсын! «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» демекші, береке мен бірілктің бастауы ынтымақта болатынын ұмытпаса деймін. Еліміздің ертеңі көкірегі ояу, көзі ашық жастардың қолында.  Сондықтан жақсы оқып, кәсіби білігі мықты маман болыңыздар.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Дидар Орынғалиева,  

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

SULPAK САПАҒА КӨҢІЛ БӨЛЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ МӘЛІМДЕМЕСІ

ttjk

КӨКТЕМ МЕН ДОСТЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ – ӘЗ НАУРЫЗ

ttjk