АЛМАТЫ УНИВЕРСИАДАҒА ДАЙЫН

Студенттік спорт тарихына енуге 2011 жылы Брюcселдегі шешіммен Алматыда өткізуге қол жеткізген едік. FISU (Халықаралық университетік спорт федерациясы) тарихы 1905 жылы АҚШта қаланған болатын. Еліміз 1993 жылдан бастап аталмыш додаға қатысып келеді, нәтижесінде 700ге жуық спортшыларымыз қатысып 125 медал алып берді. Негізгі мақсаты жастардың спорттық білім беру жүйесін өркендететін Универсиаданы 2015 жылы Испан елінде жиналған аталмыш алқа мүшелері  кеңесімен, 2017 жылы екінші мәрте  Алматы қаласында өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде  XXVIII қысқы Дүниежүзілік олимпяда Алматы қаласында 28 қаңтармен 8 ақпан аралығында өтеді деп күтілуде.

Спорттық бағдарламадажарыстар спорттың 12 түрінен өткізілсе жарыстар 8 спорт нысанында өтетін болмақ. Шараға 127 халықаралық төреші мен 600 жүзге жуық ұлттық техникалық мамандар жұмылдырылмақшы, 58 мемлекет ресми түрде қатыспақшы. «Осынша халықты сиғызып қызмет көрсетуге әзірміз» дейді ұйымдастырушылар. Мерзімінен бұрын ашылған 12 мың көрермендік «Алматы Арена»  кешені өтетін жарыстың 60 пайызға жуығын қабылдап өткізуге даяр. Сонымен қатар 3 мың көрермендік сиымдылығы бар, «Халық Арена»  мұз аренасыда (11гектар) сақадай сай. Жаңа замануи нысандарда барлық жағдай жасалған. Ішінде киім ауыстырып шешінетін жерлерде, демалатын орындарда бар.Екі спорттық кешенмен қатар Шымбұлақ, Медеу, Балуан Шолақ спорт сарайы, ойын сауық комплексі Табаған кешені, мәнерлеп сырғану және биатолон стадионы Алатау, халықаралық мұз айдыны Сұңқар тб жарысты өткізеді. Еліміз бойынша 227 мықты спортшылар дайындалып жатыр. Оның 121-і жігіттер және 106-сы қыздар.  Денис Тен, Юлия Галышева, Павел Колмаков,  Жанбота Алдабергенова, тб спортшылар ел намысын қорғайды. Қазіргі уақытта медециналық  130 қызметкерлер, 3 мыңға жуық ерікті қызметкерлер ағылшын курсынан өтіп жатыр. Қауіпсіздік те маңызды нысандарды күзетуде 6,5 мыңнан астам құқық қорғау қызметкерлері қамтамасыз етеді. Негізгі универсияда тұмары ретінде сұңқар құсы таңдап алынды. Логотипті ұсынушылар пікірінше сұңқар жылдамдық, жеңілдік, күш-қуатпен жеңісті бейнелейді. Ұраны «Қанатыңда кең серпі» деген сөзбен толықты. Алдыңғы 2011 жылғы  қысқы олимпияда да қар барысы басты символымыз болған болатын.

2016 жылдың күзінен бастап Универсияданың ашылу және жабылу салтнаттарының, жарыстардың билеттері сатылымға шыға бастаған. Билетті онлайн және офлайн жүйесімен ала аласыз.

Аида Қожмамбетова

Related posts

Анталия: 300 сотен солнечных дней

Назия Жоямергенқызы

Halyk Bank – Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінің үздігі

ttjk

ТАТУЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК КҮНІ

ttjk