Ең басты мақсатым – адам болу

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтің 2020 жыл «Еріктілер жылы» деген жарлығы бойынша біздің аймағымызға ерікті болып келген Қ.Әбдалиев атындағы жалпы орта мектебінің 2001-жылғы түлегі Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Натбай Берік Мамырұлымен мамандық таңдау, ұстаздық ету, жас ұрпаққа тәрбие беру т.б. туралы сұхбат өткіздік.

– Берік Мамырұлы, мамандық ұғымын қалай түсінесіз?
– Мамандық ұғымы – адам өміріндегі ең маңызды ұғымдардың бірі. Мамандық белгілі бір уақытта оқып, ізденіп алынатын машық. Ол өмір бойғы қалыптастыратын білім, машықтардың қалыптасу процесі. Сол арқылы болашаққа бір маман ретінде қалыптасасың. Мамандық ұғымын осылай түсінемін.
– Мамандық таңдауда ең бастысы не?» Және нені басшылыққа алу керек?
– Меніңше, қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістерді және жарқын болашаққа деген көзқарасқа қарау керек деп ойлаймын. Әрине, өзіңнің таңдауыңа, өзіңнің жақсы көретін бір салаңа да көңіл бөлу керек. Ол да үлкен бір маңызы бар мамандық таңдауда үлкен рөл атқарады. Бірақ болашақта қандай өзгерістер болатыны сенің таңдап жатқан мамандығың қаншалықты сұранысқа ие болатынына сенің көзің жетеді ме? Соның бәрін ескере білу керек.
– Бүгінгі жастар тек қана бір жапырақ қағаз үшін яғни диплом үшін кез келген оқуды таңдай салады. Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп?
– Жалпы қоғамда қалыптасқан нәрсе – білім алу. Оған мемлекет Қағаз алу міндетті емес. Кез келген жұмысқа тұратын болсаң диплом сұрайды. Сенің дипломыңа емес, сенің қаншалықты мүмкіншілігіне қарау керек. Мүмкін сен дипломсыз-ақ мықты шығарсың. Бизнесмен болу үшін диплом қажет емес. Адамды басқару үшін диплом қажет пе? Қажет емес. Адамға тек тәжірибе мен білім қажет. Біздің қоғам да жұмысқа тұру үшін қағаз талап етеді. Сондықтан осындай жағдайлар жастарымыздың санасына қалыптасқан. Егер қоғам қағаз талап етпесе, бір жапырақ қағаз үшін яғни диплом үшін ешкім жүгірмейді.
– Ең басты мамандығым – Адам болу дегенді қалай түсінесіз? Және мамандығыңызды мақтаныш көресіз бе?
– Адам болу – ең бірінші қасиет. Адам болу үшін өзіңе тән қасиеттер болу керек. Егер сен адамдық қасиеттерге ие болмасаң маман иесі бола алмайсың. Сен адам, қоғам арқылы маман ретінде қалыптасасың. Иә, мамандығыммен мақтанамын. Бірақ мақтанышпен айқайлайтын жағдайда емеспін. Өйткені осы салада керемет жетістіктерге жеттім деп айта алмаймын. Бірақ жетістікке жету ойымда бар. Бәріне де Алланың қалауымен жетудемін және шүкіршілік етемін.
– Берік Мамырұлы, әңгімелескеніңізге көп рақмет!
Әңгімелескен Жолдан Аружан, Қарақозы Әбдалиев атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы.

Related posts

Қазақ журналистеріне 5 жұлдызды қонақ үй өз қызметін таныстырды

ttjk

«ҚАШЫҚТАН ОҚУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

ttjk

«Айтыс – поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі»

ttjk