САЙЛАУ-2016: ресейліктер бақылаушы – Қазақстанда

ОСК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының делегациясымен кездесті.
Аталған жиынға РФ Орталық сайлау комисиясының мүшесі С.М.Шапиев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т.В.Охлопкова, сондай-ақ Ресей Федерациясының республикалары, өлкелері және облыстары сайлау комиссияларының өкілдері, Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының қызметкерлері қатысты.
ҚР ОСК төрағасы делегация мүшелерін парламенттік сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының қызметімен таныстырып, сайлау науқанының ерекшеліктері мен дауыс беру күніне дайындық туралы баяндады: «Сайлау комиссиялары дуыс беруді өткізуге материалдық, кадрлық, техникалық және ақпараттық дайын».
Кездесуде Қуандық Тұрғанқұлов Ресей сайлау органдарымен ынтымақтастық туралы айта келіп, «Ресейдің Орталық сайлау комиссиясымен және Ресей өңірлерінің сайлау комиссияларымен бізде бұрыннан бері достық қарым-қатынас. Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясымен бірінші болып сайлау процесін дамыту және жетілдіру саласында ынтымақтастық және тәжірибе алмасу туралы меморандумға қол қойғанымыз кездейсоқ емес» – деп мәлімдеді.
Өз кезегінде С.Шапиев Қазақстан Республикасы сайлау органдарының жоғары кәсіби деңгейін атап өтіп, РФ ОСК Төрағасы В. Чуровтың атынан көп жылғы табысты ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, ҚР Ортсайлауком Басшысына жоғарғы ведомстволық озаттық белгісі саналатын «Сайлауды ұйымдастыруда сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісін тапсырды.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

«Қазақстанның даму банкі» мен «Bagalau Qazaqstan» ынтымақтасты

COVID-19: АУРУХАНАЛАР ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ

ttjk

Kırgızistan-Türkiye Cengiz Aytmatov Kültür Merkezi

ttjk